Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 1-тарау

28-бап. Салық салудың ашықтығы қағидаты

Бап мәтіні

1

Қазақстан Республикасында салық салу салықтық құқықтық қатынастардың барлық субъектілері үшін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, оларды есептеу, төлеу, салықтық тексерулер жүргізу кезінде олардың түсуін бақылау тәртібі туралы ақпараттың ашықтығын, айқындылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейтін ашықтық қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

2

Салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асырған кезде ашық, объективті және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте әрекет етуге міндетті.

3

Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру шеңберінде жүзеге асырылатын салық органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша уәжді, айқын және толық түсініктеме алуға құқылы.

4

Салық салудың ашықтығы қағидатының бұзылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау үшін негіз болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.