Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 1-тарау

34-бап. Салықтық жеңілдіктер

Бап мәтіні

1

Салықтық жеңілдік – салық төлеушілерге Қазақстан Республикасы салық заңнамасының нормаларына сәйкес мөлшерлемені төмендету, салық салынатын базадан бір немесе бірнеше салықтарды төлеуден толық босату, шегерімдер, түзетулер түрінде берілген артықшылық.

2

Салық саясаты саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жыл сайын салықтық жеңілдіктердің тиімділігін және оларды одан әрі қолданудың орындылығын бағалауды қамтитын салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп жасайды.

3

Салық саясаты саласындағы уәкілетті органның салықтық жеңілдік беру туралы мәселені қарауына уәкілетті мемлекеттік органдардың жолданымдары негіз болып табылады

4

Уәкілетті мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттілігі туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен көрсетілген жеңілдіктің қажеттілігіне негіздемелерді салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті мемлекеттік органдар салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жүгінгенге дейін ұсынылатын (ұзартылатын) салықтық жеңілдікті монополияға қарсы органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі. Уәкілетті мемлекеттік органдар салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жүгінген кезде монополияға қарсы орган берген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысындағы қорытындыны және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган берген қорытындыны ұсынады.

5

Салық саясаты саласындағы уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, салықтық жеңілдікті беру немесе одан бас тарту, салықтық жеңілдікті ұзарту немесе оның күшін жою, салықтық жеңілдікті беру мерзімі жөніндегі ұсыныстарға бастамашылық жасайды.

6

Уәкілетті мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдіктерге мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

7

Салықтық жеңілдікті енгізу кезінде мәлімделген әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізілмеген жағдайда, сондай-ақ оның бюджетке әсерін ескере отырып, салық саясаты саласындағы уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, салықтық жеңілдікті нақтылауға немесе оның күшін жоюға бастамашылық жасайды. Бұл ретте салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

8

Егер қолданылатын салықтық жеңілдіктердің сомасы бойынша ағымдағы жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жалпы ішкі өнімнің он пайыздық шегіне жеткізілсе, салықтық жеңілдіктер берілмейді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.