Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 1-тарау

7-бап. Роялти

Бап мәтіні

1

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, роялти – мыналар:

1) пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

2) авторлық құқықтарды, сызбаларды немесе модельдерді пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;

3) патенттерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;

4) бағдарламалық қамтылымды дамытуға қатысы жоқ қателерді, ақауларды түзетуге, осындай бағдарламалық қамтылымды пысықтап жетілдіруді жүзеге асыруға арналған нұсқаларды қоспағанда, осындай бағдарламалық қамтылымның нұсқасын жаңарту бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, бағдарламалық қамтылымды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;

5) "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін төленетін төлем. "Ноу-хау" – коммерциялық құндылығы бар және кәсіби немесе кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық немесе өзге де сипаттағы құпия ақпарат;

6) кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыстық жазбаны немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;

7) сауда, ғылыми-зерттеу және (немесе) өнеркәсіптік жабдықтарды, оның ішінде теңіз кемелерін немесе әуе кемелерін (экипажсыз жалға алынатын кемелерді қоспағанда) пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем.

2

Зияткерлік меншік объектісіне мүліктік (айрықша) құқықтарды толық іске асырғаны үшін төленетін төлем роялти болып танылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.