Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Жалпы бөлік1-бөлім · 1-тарауМКК жауабы

18-бап. Бағалы қағаздарға байланысты ұғымдар

Бап мәтіні

Бағалы қағаздарға байланысты ұғымдар:

1) борыштық бағалы қағаздар – бағалы қағаздарды шығару шарттарымен эмитенттің (борышкердің) борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын осындай бағалы қағаздар, оның ішінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар;

2) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт (бұдан әрі – дисконт) – борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы оң айырма;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі – купон) – шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;

4) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы – шығарылым шарттарымен купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құны арасындағы оң айырма;

5) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.

МКК: сұрақ — жауап

Декларациялау кезінде бағалы қағаздарға нені жатқызуға болады?

Бағалы қағаздарға байланысты ұғымдар Кодекстің 18-бабында берілген. МКК декларациялау кезінде оларға, атап айтқанда, акцияларды, облигацияларды, инвестициялық қорлардың пайларын, туынды қаржы құралдарын және депозитарлық қолхаттарды жатқызады. (18-бап)

Қысқаша — жаңа Кодекс бойынша, Buhpracticum баяндауы. Сұрақ мына жинақтан: ҚР ҚМ МКК, өтініштерге жауаптар, 15.09.2025; МКК мына норма бойынша жауап берген: 2017 ж. Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы. МКК түсіндірмелері нормативтік құқықтық акт болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.