739-бап. Жалпы ережелер
Бап мәтіні
"Астана Хаб" қатысушылары корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге тиісті сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын:
1) зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кірістер бойынша – осы Кодекстің 740-бабында айқындалған тәртіппен;
2) ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша – осы Кодекстің 741-бабында белгіленген тәртіппен;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген кірістер бойынша – есептелген корпоративтік табыс салығы сомасында 100 пайызға азайтады.
Осы тараудың мақсаттарында зияткерлік меншік объектілері деп "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ "Астана Хаб" қатысушылары үшін көзделген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі түсініледі.
"Астана Хаб" қатысушыларының қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы кезінде зияткерлік меншік объектісі бойынша залалды есепке алу тәртібі осы Кодекстің 343-бабында белгіленген.
Салық төлеуші "Астана Хаб" қатысушылары үшін осы Кодекстің 17-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай салық төлеуші бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады.
"Астана Хаб" қатысушысы осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.