574-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау
Бап мәтіні
Темiржолдар, оқшаулау белдеулерi, темiржол станциялары, вокзалдар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiржол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiржол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
Электр беру желiлерi балансында бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
Мұнай құбырлары, газ құбырлары балансында бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
Радиорелелiк, әуе, кәбілдiк байланыс желілерi балансында бар байланыс ұйымдары үшiн байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.