Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік11-бөлім · 62-тарау

573-бап. Салық салу объектісі

Бап мәтіні

1

Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде – жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

2

Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:

1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылысжайлары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерге жатады;

2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi. Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылысжайлар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылысжайлар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер алып жатқан жер жатады;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер алып жатқан жер учаскелерi;

4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;

5) осы Кодекстің 590-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.