580-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер
Бап мәтіні
¶ 1
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерiне осы Кодекстiң 582-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 576-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.
¶ 2
Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттар үшін пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне осы Кодекстiң 582-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 578-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.