Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік11-бөлім · 63-тарау

579-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерiне арналған салықтық мөлшерлемелер

Бап мәтіні

1

Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 581-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 582-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 577-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

2

Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 581-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 582-бабының 1-тармағында көзделген азайту ескеріле отырып, көрсетілген жерге салықтық мөлшерлемелерді жалпы азайту базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.

3

Елдi мекен шегiнде орналасқан, әуеайлақтар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 582-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 578-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Әуеайлақтар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекен шегiнде орналасқан, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 582-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 578-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалған және жабдықталған жер учаскесi әуеайлақ деп түсініледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.