Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік9-бөлім · 57-тарау

559-бап. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бір мезгілде мынадай: осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу; осындай мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есептелген, төленген төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін орындайтын өзінің құрылымдық бөлімшелерін және (немесе) аумақтық органдарын өз шешімімен әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.

2

Мемлекеттік мекемелердің салықтық кезең үшін есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.

3

Салықтық кезең үшін осы баптың 2-тармағында көрсетілген төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кету сомасы келесі салықтық кезеңге ауыстырылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.