Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 41-тарау

418-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері

Бап мәтіні

1

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларация есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша ұсынылады.

2

Осы Кодекстің 373-бабында көзделген кірістерді алған Қазақстан Республикасының резидент-еңбекші көшіп келушілері кірістер мен мүлік туралы декларацияны есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады. Осы Кодекстің 373-бабында көзделген кірістер бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны резидент-еңбекші көшіп келушілер есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей, болатын жеріндегі салық органына ұсынады. Бұл ретте осы Кодекстің 373-бабында көзделген кірістерді алған резидент-еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шыққан жағдайда салықтық кезең ішінде кірістер мен мүлік туралы декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шыққан күніне дейін ұсынылады.

3

Кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған күнге бекітілген қаржылық есептілік болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 115-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей ұсынылатын кірістер мен мүлік туралы қосымша декларацияда жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.