Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 41-тарау

415-бап. Салықтық кезең

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.

2

Жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою кезінде оны осындай тіркеу есебіне қойған күннен бастап:

1) осы күнтізбелік жылы тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде осындай тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі;

2) қалған жағдайларда – күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.

3

Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам күнтізбелік жылдың соңына дейін дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде:

1) жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қойған жағдайда – оны дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қойған күннен бастап осындай тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі;

2) қалған жағдайларда – күнтізбелік жылдың басынан бастап дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.