Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 41-тарау

407-бап. Салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс

Бап мәтіні

1

Жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі кезінде осы параграфтың ережелерін жеке тұлға бір мезгілде мынадай:

1) алынған кіріс дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісіне, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінің кірісіне енгізілмеген;

2) кіріс салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған шарттарға сәйкес келетін кірістер бойынша қолданады.

2

Жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алған кірісіне мыналар жатады:

1) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;

2) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық медиатордың кірісі;

3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттері болып табылмайтын шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс;

4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс;

5) салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (алуға жататын) кіріс.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.