Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 41-тарау

406-бап. Жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі

Бап мәтіні

1

Жұмыскердің салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алуға жататын (алынған) кірісі, оның ішінде мынадай кірістері:

1) үй жұмыскерінің кірісі;

2) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;

3) жұмыскердің салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) бойынша кірісі;

4) жұмыскердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) бойынша кірісі;

5) жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алынған кірісі жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі болып табылады.

2

Жұмыскердің дербес салық салуына жататын кірісі Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының (келісімшарттың, келісімнің), сондай-ақ жұмыс берушінің шешімдерінің негізінде жұмыс берушіден алуға жататын кіріс мөлшерінде айқындалады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.