409-бап. Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес қолдану ерекшеліктері
Бап мәтіні
¶ 1
Жеке тұлға салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттар негізінде әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін және әлеуметтік салықтық шегерімді қолданады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.
¶ 2
Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған салықтық шегерімнің сомасын жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі дербес ескереді.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.