Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік6-бөлім · 41-тарау

419-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері

Бап мәтіні

1

Күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісінің салық салынатын сомасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді, егер осы Кодекстің 418-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші тұрғылықты (болу) жері бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

2

Резидент-еңбекші көшіп келуші салық салынатын ең төмен кіріс сомасынан есептеген жеке табыс салығын төлеу еңбекші көшіп келуші рұқсат алғанға (ұзартылғанға) дейін – еңбекші көшіп келушінің болатын жері бойынша жүргізіледі.

3

Салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеу осы Кодекстің 418-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.