421-бап. Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері
Бап мәтіні
¶ 1
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу осындай декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
¶ 2
Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша тарату декларациясында есептелген жеке табыс салығын төлеу таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.