653-бап. Жалпы ережелер
Бап мәтіні
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнаманы іс жүзінде орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда, жергілікті өкілді органның шешімін ескере отырып, осы Кодекстің 655-бабында айқындалған төлемақы мөлшерлемелері екі есеге ұлғайтылады.
Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді ұсынады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.