Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік14-бөлім · 70-тарау

623-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауы учаскелері үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі

Бап мәтіні

1

Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақының жылдық сомасын есепті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша лицензия қолданылған жағдайда және оның қолданылуы аяқталғанға дейін – есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей немесе лицензияны есепті жылдың 1 ақпанын қоса алғанға дейін алған кезде осы Кодекстің 621-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалатын төлемақының жылдық сомасы мөлшерінде төлейді.

2

Егер есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанындағы жағдай бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылу мерзімі ағымдағы салықтық кезеңде аяқталатыны белгілі болса, онда есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде мұндай лицензияның іс жүзінде қолданылу кезеңі үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген төлемақы төленуге тиіс.

3

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе есепті салықтық кезең ішінде лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы төлемақы сомасын осы Кодекстің 621-бабының 1-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осындай лицензияның есепті салықтық кезеңде іс жүзінде қолданылу кезеңін негізге ала отырып айқындайды. Бұл ретте лицензияның іс жүзінде қолданылу кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер мұндай лицензия салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса) немесе мұндай лицензия қолданыла бастаған айдың 1-інен бастап мұндай лицензияның қолданылуы тоқтатылған айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер мұндай лицензия салықтық кезең аяқталатын күнге қолданыста болса) айқындалады.

4

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе оның қолданылуы тоқтатылған жағдайда осындай лицензияның іс жүзінде қолданылу кезеңі үшін төлемақы сомасы лицензияның қолданылу мерзімі аяқталған тоқсаннан кейінгі тоқсанның екінші айының 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке енгізілуге жатады.

5

Төлемақы сомасы жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша – пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша бюджетке төленеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.