Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік14-бөлім · 70-тарау

635-бап. Салықтық есептілік

Бап мәтіні

1

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер (орман, өсімдік ресурстарын және жануарлар дүниесін және жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілерді қоспағанда) арнайы су пайдалану жері бойынша салық органдарына төлемақы бойынша декларация ұсынады.

2

Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде декларация ұсынады.

3

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерге арналған декларацияға тиісті қосымша түрінде тапсырады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.