628-бап. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Бап мәтіні
Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекіткен жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесінің негізінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілейді. Суды алудың іс жүзіндегі көлемі су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары белгілеген су ресурстарын алу және (немесе) пайдалану көлемінен асып кеткен кезде мұндай асып кету көлеміне жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін бес есе ұлғайтылған төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
Жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен осындай балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларында айқындалады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.