Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік14-бөлім · 70-тарау

621-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

Бап мәтіні

1

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері салықтық кезеңнің 1-іне қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады және мынаны құрайды: Р/с № Кезең Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 2 3

1

барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап 36-айы аралығында, 1 блок үшін егер блоктар саны 70-тен аз болса – 15; егер блоктар саны 70-тен 120-ға дейін болса – 30; егер блоктар саны 120 және одан көп болса – 40

2

барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айынан бастап 60-айы аралығында, 1 блок үшін егер блоктар саны 60-тан аз болса – 23; егер блоктар саны 60-тан 100-ге дейін болса – 50; егер блоктар саны 100 және одан көп болса – 60

3

барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айынан бастап 84-айы аралығында, 1 блок үшін егер блоктар саны 50-ден аз болса – 32; егер блоктар саны 50-ден 100-ге дейін болса – 60; егер блоктар саны 100 және одан көп болса – 80

4

барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айынан бастап және әрі қарай, 1 блок үшін егер блоктар саны 30-дан аз болса – 60; егер блоктар саны 30-дан 80-ге дейін болса – 80; егер блоктар саны 80 және одан көп болса – 100

5

өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай, 1 км2 450 Осы тараудың мақсаттары үшін блок Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақты білдіреді. Әрбір блоктың оны сәйкестендіретін координаталары және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін жеке коды болады.

2

Қалған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 582-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей, жер салығының мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.