Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік14-бөлім · 70-тарау

632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі

Бап мәтіні

1

Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді және жануарлардың санын немесе салмағын (су жануарларының жекелеген түрлері үшін) негізге ала отырып есептейді. Қазақстан Республикасында аң аулауды жүргізу кезінде шетел азаматтары үшін төлемақы сомасын есептеу кезінде белгіленген мөлшерлемелерге 10-ға тең коэффициент қолданылады.

2

Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін банк ұйымдары арқылы аудару жолымен жүргізіледі. Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі: ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы; квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы; квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.