Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік14-бөлім · 70-тарау

636-бап. Жалпы ережелер

Бап мәтіні

1

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес тиісті экологиялық рұқсат пен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері (қоршаған ортаға эмиссия), күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және қалдықтарды көмгені үшін алынады.

2

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді, сондай-ақ табиғат пайдаланушылардың өндіру мен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауына қатысты өздері жөніндегі мәліметтерді (уақытша сақтаудың көлемдері, белгіленген мерзімдері, іс жүзінде орналастыру кезеңі) ұсынады.

3

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына Қазақстан Республикасы экология заңнамасының сақталуына тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында анықталған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау ескеріле отырып белгіленген қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемдері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.