Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 26-тарау

285-бап. Преференцияларды жою

Бап мәтіні

1

Преференциялар олар қолданыла басталған күннен бастап жойылады және салық төлеуші, егер бақылау кезеңінде мынадай жағдайлардың кез келгені туындаса, олар қолданылған әрбір салықтық кезең үшін шегерімдерді преференциялар сомасына азайтуға міндетті:

1) салық төлеушінің осы Кодекстің 283-бабының ережелерін бұзылуына жол беруі;

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші осы Кодекстің 283-бабы 1-тармағы шарттарының кез келгеніне сәйкес келетін жағдайдың туындауы;

3) преференцияларды қолданған салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуы.

2

Преференциялары жойылған активтер осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес болған кезде олар бухгалтерлік есепке алуда танылған күннен бастап тіркеп-белгіленген активтер деп танылады және осы Кодекстің 276 және 277-баптарында айқындалған тәртіппен осындай активтің түріне сәйкес келетін топтың құндық балансына енгізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.