Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 26-тарау

276-бап. Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу

Бап мәтіні

1

Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу негізгі қорлар сыныптауышына сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: Р/с № Топтың № Тіркеп-белгіленген активтердің атауы 1 2 3

1

I Мұнай және газ ұңғымаларын, сондай-ақ беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар

2

II Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдықтар

3

III Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдықтар

4

IV Басқа топтарға енгізілмеген тіркеп-белгіленген активтер, оның ішінде мұнай және газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

2

Тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу мыналарды:

1) салықтық кезеңнің басындағы және соңындағы I топ объектілерінің құндық баланстарын және (немесе) топтардың құндық баланстарын;

2) тіркеп-белгіленген активтердің салықтық кезеңдегі түсімдерін;

3) тіркеп-белгіленген активтердің салықтық кезеңдегі шығып қалуын;

4) I топ объектілерінің қалдық құнын;

5) тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстарды есепке алу түрінде жүргізіледі.

3

Топтардың құндық баланстары салықтық кезеңнің басында және соңында: I топ бойынша – әрбір объект бойынша айқындалады. Әрбір объект бойынша құндық баланстардың жалпы сомасы I топтың құндық балансын құрайды; II, III және IV топтар бойынша – әрбір топ бойынша айқындалады.

4

Салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы және (немесе) топтардың құндық баланстары мынадай формуланы қолдану кезінде алынған соманың оң мәні ретінде айқындалады: алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансы және (немесе) топтардың құндық балансы алу алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы алу осы Кодекстің 282-бабына сәйкес шегерімдер мен түзетулер.

5

Салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектілерінің құндық балансы және (немесе) топтардың құндық баланстары: салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы және (немесе) топтың құндық балансы қосу осы Кодекстің 277-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша салықтық кезеңде түскен тіркеп-белгіленген активтер алу осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтер, қосу осы Кодекстің 281-бабына сәйкес I топ объектісінің құндық балансы немесе топтың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық балансын ұлғайтуға немесе қалыптастыруға жатқызылатын тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар.

6

Салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің қалдық құны: салықтық кезеңнің басындағы I топ объектісінің құндық балансы қосу осы Кодекстің 281-бабына сәйкес тіркеп-белгіленген активтер бойынша осы объектінің құндық балансын ұлғайтуға немесе І топ объектісінің құндық балансын қалыптастыруға жатқызылатын кейінгі шығыстар ретінде айқындалады.

7

Сенімгерлік басқарушы осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тіркеп-белгіленген активтер бойынша I топ объектілерінің жекелеген құндық баланстарын және (немесе) топтардың (II, III немесе IV топтар бойынша) құндық баланстарын қалыптастырады және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 210 және 211-баптары негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.