Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 26-тарау

284-бап. Преференцияларды қолдану

Бап мәтіні

1

Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі бойынша жүзеге асырылады:

1) объект танылғаннан кейінгі шегерім әдісі;

2) объект танылғанға дейінгі шегерім әдісі. Әдісті таңдау преференциялардың әрбір объектісі бойынша инвестициялық салықтық преференциялар бойынша салықтық тіркелімде жүзеге асырылады.

2

Объект танылғаннан кейінгі шегерім әдісін қолдану объектіні тану күніне келетін салықтық кезеңдегі преференциялар объектілерінің бастапқы құнын шегерімге жатқызуды білдіреді.

3

Объект танылғанға дейінгі шегерім әдісін қолдану шығындар іс жүзінде жүргізілген салықтық кезеңде объектінің бастапқы құнына енгізілетін мұндай шығындарды шегерімдерге жатқызуды білдіреді.

4

Салық төлеуші бақылау кезеңі ішінде преференциялар объектілерін есепке алуды тіркеп-белгіленген активтерден бөлек жүзеге асырады. Преференциялар объектілері преференция қолданылған әрбір объект бөлінісінде есепке алынады.

5

Преференциялар жойылмаған преференциялар объектісі бақылау кезеңінен кейінгі салықтық кезеңде осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес болған кезде осы Кодекстің 276 және 277-баптарында айқындалған тәртіппен осындай активтің түріне сәйкес келетін тіркеп-белгіленген активтер тобының құндық балансына енгізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.