Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 26-тарау

261-бап. Директорлар кеңесі немесе өзге басқару органы мүшелерінің сапарлары бойынша өтемақыларды шегеру

Бап мәтіні

1

Жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесі немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органы мүшелерінің сапарлары бойынша шеккен шығыстардың өтемақысы шегерілуге жатады. Мұндай шығыстарға:

1) бронь мен багаж үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындайтын жерге және кері қайтуға жол жүру шығыстары;

2) бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болған уақыт ішінде тұру шығыстары;

3) директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге басқару органының мүшесіне басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болған уақыт үшін салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін ақша сомасы;

4) келуге және кетуге рұқсаттарды (визаны) ресімдеу (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) жатады. Шегерім осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде электрондық нысанда ресімделген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.

2

Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін:

1) салық төлеуші дербес ресімдеген, директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге басқару органының мүшесін басқарушылық міндеттерді орындау үшін іс-шараға шақыруы, осындай іс-шара өткізілетін орын мен күн қамтылған құжатта көрсетілген межелі орын басқарушылық міндеттерді орындау орны болып табылады;

2) басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болу уақыты, кету және келу күндерін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген басқарушылық міндеттерді орындау орнына кету және кері қайтып келу күндері негізге алына отырып, күндер саны негізінде айқындалады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.