281-бап. Тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар шегерімі
Бап мәтіні
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шығындарды қоспағанда, мыналарға: салық салу мақсаттарында келіп түсуі танылғаннан кейін тіркеп-белгіленген активтерге; пайдаланылуы уақытша тоқтатылған кезеңде салықтық есепке алуда осы Кодекстің 279-бабының 18-тармағына сәйкес шығып қалуы көрсетілген активке қатысты жұмсалған кейінгі шығыстар тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар деп танылады.
Аударымдары осы Кодекстің 301-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген жер қойнауын пайдаланушының шығындары тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстарға жатпайды.
Салық төлеуші таңдауы бойынша кейінгі шығыстар жүргізілген салықтық кезеңде тіркеп-белгіленген активтер бойынша олардың сомасын:
1) шегерімдерге;
2) өзіне қатысты осындай кейінгі шығыстар жүргізілген актив түріне сәйкес келетін I топ объектісінің құндық балансын немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансын ұлғайтуға;
3) актив түріне сәйкес келетін I топ объектісінің немесе топтың құндық балансы болмаған кезде – өзіне қатысты осындай кейінгі шығыстар жүргізілген актив түріне сәйкес келетін I топ объектісінің құндық балансын немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансын қалыптастыруға жатқызуға құқылы.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.