Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 26-тарау

268-бап. Қалдықтарды көму полигондарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасының шегерімдері

Бап мәтіні

1

Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа аударылған, қалдықтарды көму полигондарын жою қорына аударымдар сомасын салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мөлшерде шегерімге жатқызады.

2

Салық төлеушінің салықтық кезең ішінде қалдықтарды көму полигондарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары сол шығыстар шегілген салықтық кезеңде шегерімге жатады. Салық төлеушінің арнаулы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстары шегерімге жатпайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.