262-бап. Өкілдік шығыстарды шегеру
Бап мәтіні
Өкілдік шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдап отыру бойынша;
2) салық төлеушінің директорлар кеңесінің, атқарушы органдарынан басқа, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, жеке тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтындарды қабылдау жөніндегі шығыстар жатады. Өкілдік шығыстарға, оның ішінде:
1) іссапарлар кезіндегі өтемақыларға жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы адамдарды көлікпен қамтамасыз етуге;
2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай адамдарды тамақтандыруға;
3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;
4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) безендіруге арналған шығыстар да жатады.
Мыналар:
1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсаты және оны өткізуге жауапты адамдар көрсетілген, оны өткізу туралы бұйрығы немесе өкімі;
2) салық төлеуші бекіткен осындай іс-шара шығыстарының сметасы;
3) жауапты адамдардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, өткізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;
4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстарын шегеруді жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Өкілдік шығыстар салықтық кезең ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 426-бабының 1) тармақшасында көрсетілген, жұмыскерлердің салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.
Шақырылған адамдарды теміржол, теңіз және әуе көлігімен көліктік қамтамасыз етуге, олардың тұруына, визаларды ресімдеуге, сондай-ақ өкілдік іс-шараларға қатысатын адамдардың бос уақытын, ойын-сауықтарын, демалысын ұйымдастыруға арналған шығыстар өкілдік шығыстарға жатпайды және шегерімге жатқызылмайды.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.