Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік8-бөлім · 54-тарау

550-бап. Акциз төленетін жер

Бап мәтіні

1

Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, акцизді төлеу салық салу объектісінің тұрған жері бойынша жүргізіледі.

2

Бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің тұрған жері бойынша төлейді.

3

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған кезде акцизді төлеу акцизді төлеушінің тұрған (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.