Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік8-бөлім · 54-тарау

541-бап. Әртүрлі мөлшерлемелер белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне және толысылған шарапқа (шарап материалына) салық салу ерекшеліктері

Бап мәтіні

1

Осы Кодекстің 536-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне және толысылған шарапқа (шарап материалына) әртүрлі акциз мөлшерлемелері белгіленген жағдайда, салықтық база сол бір мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.

2

Алкоголь өнімін өндірушілер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт бойынша акциз сомасы қайта есептелуге және алкоголь өнімін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі үшін белгіленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге жатады. Акцизді қайта есептеуді және төлеуді спиртті алушы жүргізеді.

3

Алкоголь өнімін өндірушілер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған толысылған шарапты (шарап материалын) спиртті және (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы толысылған шарап (шарап материалы) бойынша акциз сомасы қайта есептелуге және алкоголь өнімін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін толысылған шарап (шарап материалы) үшін белгіленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге жатады. Акцизді қайта есептеуді және төлеуді толысылған шарапты (шарап материалын) алушы жүргізеді.

4

Осы баптың 2-тармағының ережелері медициналық қызметтер көрсету үшін сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушілер болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.