Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік8-бөлім · 54-тарау

547-бап. Салықтық базаны түзету

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық база акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салықтық кезеңде түзетіледі. Осы бапқа сәйкес салықтық базаның мөлшерін түзету түзетуге жататын акциз сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негізді растайтын екіжақты актілердің және шартта (келісімшартта) көрсетілген қайтару жағдайларының басталғанын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі. Акцизделетін тауарларды өндірушіге өндіріс мекенжайына қайтарған кезде салықтық базаның мөлшерін түзету, егер өндіруші акцизделетін тауарлардың өндіріс мекенжайынан орнын ауыстырған, бірақ оларды өткізбеген жағдайда, өндірушінің тауарларға ілеспе құжаттарының негізінде жүргізіледі. Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден импорттау кезінде салықтық базаның мөлшерін түзету осы Кодекстің 533-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

2

Арақты, айрықша арақты және этил спиртінің көлемдік үлесі он бес пайыздан асатын басқа да алкоголь өнімін қоспағанда, осы Кодекстің 536-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар бойынша салықтық базаны, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндіруші жүзеге асырған оның орын ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленсе, акцизделетін тауарды өндіруші экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді. Осы тармақта көзделген салықтық базаны түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салықтық кезеңде жүргізіледі. Бұл ретте осындай түзету ескеріле отырып, салықтық базаның теріс мәні болуы мүмкін.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.