Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік8-бөлім · 54-тарау

543-бап. Сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. Осы Кодекстің 175-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сыйымдылықтың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізге алына отырып жүргізіледі.

2

Темекі бұйымдарын импорттау кезінде берілген сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары:

1) сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған;

2) бүлінген сәйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары есептен шығару және жою туралы актінің негізінде қабылдаған жағдайларда қайта есептеуге жатады.

3

Темекі бұйымдарына берілген сәйкестендіру құралдары бүлінген, жоғалған кезде сәйкестендіру құралдарының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда акциз төленбейді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.