Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік8-бөлім · 54-тарау

544-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызудың өлшемшарттары

Бап мәтіні

1

Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды қабылдауға және осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша өнім беруші:

1) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өндіруші;

2) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатын одан әрі өткізу мақсатында қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды алған мұнай беруші;

3) осы Кодекстің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинін (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды одан әрі өткізу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеуші болып табылады деген шартпен оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, аталған акцизделетiн тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады. Көтерме саудада өткізу саласына бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды одан әрі өткізу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту де жатады.

2

Бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген өнім берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады:

1) алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушінің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды олардың өндірістік мұқтаждықтары үшін тұлғаларға өткізуі, сондай-ақ беруі;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды жеке тұлғаларға өткізу;

3) одан әрі өткізу үшін өндірілген немесе сатып алынған бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өзінің өндірістік мұқтажына пайдалану.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.