Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік8-бөлім · 54-тарау

542-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

Бап мәтіні

1

Төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және импортталатын, сондай-ақ ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін акцизделетiн тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi. Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

2

Осы баптың мақсаттары үшін:

1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатысында нашарлауы акцизделетiн өнімнің бүлінуі деп түсініледі;

2) салдарынан тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатысында жойылуы немесе ысырабы орын алған оқиға акцизделетiн тауардың шығыны деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндірушінің нормативтік және техникалық құжаттамасында регламенттелетін нормалар шегіндегі ысыраптар шығын болып табылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.