Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 52-тарау

531-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Бап мәтіні

1

Салық төлеушілері тауарларды импорттаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдарынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда алынған жағдайда, тауарларды экспорттауды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Қазақстан Республикасының салық органы осындай өтінішті алғандығы туралы хабарлама жібереді. Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

2

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына тауарларды экспорттау кезінде оларды өткізу бойынша, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде электрондық нысанда келіп түспеген кезде осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 506-бабында көзделген мерзімде осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті. Салық органының осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есепке жазу тәртібі жеке шоттарды жүргізу тәртібімен белгіленеді.

3

Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомалары уақтылы және толық төленбеген жағдайда, салық органы осы Кодексте айқындалған тәртіппен мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

4

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 2-тармағында көзделген мерзім өткен соң электрондық нысанда келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 120, 121 және 122-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады. Бұл ретте осы баптың 3-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.