512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер
Бап мәтіні
Мыналар ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
1) осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар;
2) тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар: резидент – заңды тұлға; егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылса, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; егер резидент-заңды тұлға мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімі негізінде резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға; Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға; қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға; сенімгерлік басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттайтын сенімгерлік басқарушылар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер; жеке практикамен айналысатын, нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметті, медиатордың кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын тұлғалар; кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.