Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік7-бөлім · 52-тарау

526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі

Бап мәтіні

1

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің

49-тарауында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылады.

2

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған сомалар шегінде есепке жатқызылады. Бюджетке төленген, бірақ осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салықтық кезең үшін салық салынатын импорттың мөлшеріне тура келетін қосылған құн салығының сомасынан аспайтын қосылған құн салығының сомасы лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды импорттау кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы болып табылады. Бұл ретте алдыңғы салықтық кезеңдер үшін есепке жазылған (есептелген) және төленген, оның ішінде осы Кодекстің 120, 121,122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызу арқылы төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызылуға тиіс.

3

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг беруші ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі – лизинг алушының алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) лизингке берген кезде Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг беруші есепке жатқызуға тиісті қосылған құн салығының сомасы сыйақы есепке алынбаған, тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде әрбір лизингтік төлем бойынша айқындалады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.