522-бап. ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу
Бап мәтіні
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ЕАЭО-да халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 468-бабына сәйкес жүргізіледі.
Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалды ресімдеу экспортталатын немесе импортталатын тауарлардың сатып алушыға не көрсетілген тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) экспорттау жағдайында – тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі;
2) импорттау жағдайында – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі;
3) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілері;
4) шот-фактуралар.
Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бірінің аумағынан ЕАЭО-ға мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, жүктерді сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-тапсыру актілерімен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.