788-бап. Төлеу мерзімдері
Бап мәтіні
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушi салықтың есептелген сомасын тұрған жерi бойынша бюджетке салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Баланстан тыс қорлар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар өткізілген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы баланстан тыс пайдалы қазбалар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар өткізілген салықтық кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей, тұрған жері бойынша төленеді.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.