Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік19-бөлім · 89-тарау

784-бап. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбалар алынбай пайдаланылуға жататын техногендік минералдық түзілімдер бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін қолдануына арналған ерекше ережелер

Бап мәтіні

1

Өзінің өндірістік мұқтаждықтары, жер қойнауын пайдалану салдарын жою және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды, мемлекеттік гидротехникалық құрылысжайларды салу мен реконструкциялауда пайдалану үшін мердігерлер болып табылатын үшінші тұлғаларға өткізу үшін пайдалы қатты қазбалар алынбай пайдаланылған техногендік минералдық түзілімдер (аршылым, жанасқан таужыныстары, күл және күл шлактары) бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу кезінде осы Кодекстің 786-бабының 1-тармағына сәйкес метаморфтық жыныстар үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері қолданылады.

2

Өздерінің өндірістік мұқтаждықтары үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын техногендік минералдық түзілімдердің физикалық көлемі пайдалы қатты қазбалар алынбай пайдалануға жататын техногендік минералдық түзілімдер бойынша салық салу объектісі болып табылады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.