783-бап. Жер қойнауын пайдаланушының техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдануына арналған ерекше ережелер
Бап мәтіні
Техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 781-бабында белгіленген мөлшерлемелерге 0,1 төмендету коэффициентін қолданады.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы өндірген өзге де пайдалы қатты қазбалардан бөлек техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
Техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалардың өткізілген көлемі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалар бойынша салық салу объектісі болып табылады.
Техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық база осы Кодекстің 780-бабына сәйкес айқындалады.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.