778-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
Бап мәтіні
Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері жылдық өндіру көлемі мен осы Кодекстің 776-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған әлемдік баға негізге алына отырып, тіркелген мәнде мынадай шәкіл бойынша белгіленеді:
1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда: Р/с № Жылдық өндіру көлемі Мөлшерлемелер, %-бен 1 2 3
250 000 тоннаны қоса алғанға дейін 5,0
500 000 тоннаны қоса алғанға дейін 7,0
1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін 8,0
2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін 9,0
3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін 10,0
4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін 11,0
5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін 12,0
7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін 13,0
10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін 15,0
10 000 000 тоннадан жоғары 18,0 Мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе осы Кодекстің 774-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады.
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап: Р/с № Жылдық өндіру көлемі Барреліне мұнай құны, АҚШ доллары 20 30 40 50 60 70 80 90
250 000 тоннаға дейін 19% 19% 19% 26% 30% 33% 35% 36%
500 000 тоннаға дейін 21% 21% 21% 28% 32% 35% 37% 38%
1 000 000 тоннаға дейін 22% 22% 22% 29% 33% 36% 38% 39%
2 000 000 тоннаға дейін 23% 23% 23% 30% 34% 37% 39% 40%
3 000 000 тоннаға дейін 24% 24% 24% 31% 35% 38% 40% 41%
4 000 000 тоннаға дейін 25% 25% 25% 32% 36% 39% 41% 42%
5 000 000 тоннаға дейін 26% 26% 26% 33% 37% 40% 42% 43%
7 000 000 тоннаға дейін 27% 27% 27% 34% 38% 41% 43% 44%
10 000 000 тоннаға дейін 29% 29% 29% 36% 40% 43% 45% 46%
10 000 000 тоннаға дейін 32% 32% 32% 39% 43% 46% 48% 49% Кестенің жалғасы Барреліне мұнай құны, АҚШ доллары 100 110 120 130 140 150 160 170 180 190 200 38% 40% 42% 43% 46% 47% 48% 51% 52% 54% 53% 40% 42% 44% 45% 48% 49% 50% 53% 54% 56% 55% 41% 43% 45% 46% 49% 50% 51% 54% 55% 57% 56% 42% 44% 46% 47% 50% 51% 52% 55% 56% 58% 57% 43% 45% 47% 48% 51% 52% 53% 56% 57% 59% 58% 44% 46% 48% 49% 52% 53% 54% 57% 58% 60% 59% 45% 47% 49% 50% 53% 54% 55% 58% 59% 61% 60% 46% 48% 50% 51% 54% 55% 56% 59% 60% 62% 61% 48% 50% 52% 53% 56% 57% 58% 61% 62% 64% 63% 51% 53% 55% 56% 59% 60% 61% 64% 65% 67% 66% Мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе осы Кодекстің 774-бабы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын теңестіру коэффициенті қолданылады. Шикі газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды. Ішкі нарықта шикі газды өткізу кезінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді: Р/с № Жылдық өндіру көлемі Мөлшерлемелер, %-бен 1 2 3
1,0 млрд текше м-ді қоса алғанға дейін 0,5
2,0 млрд текше м-ді қоса алғанға дейін 1,0
2,0 млрд текше м-ден жоғары 1,5
Рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орындары (кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) үшін мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерін көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.