Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 29-тарау

312-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған кезде өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру

Бап мәтіні

1

Жер қойнауын пайдаланушыда өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданылуы тоқтатылатын күні жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасасу құқығын пайдалануы үшін пайдалы қазбаларды табу болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыруға құқылы.

2

Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыру бір мезгілде:

1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда – мыналар: өндіру басталғанға дейінгі шығыстар; осындай келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау болып табылатын осындай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейінгі шығыстар; және өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансының түзетулері ескеріле отырып, салықтық кезеңнің басында осындай келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын азайту жолымен;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуда – мыналар: - өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту; - өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

3

Жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша және (немесе) келісімшарттан тыс қызмет бойынша біреуден көп салықтық есепке алуға ауыстырылған жағдайда, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың берілетін құндық балансы осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағында ортақ шығыстарды бөлу үшін белгіленген және жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында көрсетілген бөлу әдістерінің бірі негізінде осындай салықтық есепке алу арасында бөлінеді және ауыстырылады.

4

Осы бапта белгіленген ауыстыру жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізіледі.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.