Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 29-тарау

303-бап. Осы параграфтың ережелерін қолдану тәртібі

Бап мәтіні

1

Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелері осы Кодекстің 304-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды салықтық есепке алу тәртібінің және жер қойнауын пайдаланушының осындай шығыстарды шегеруге жатқызу мөлшерін айқындаудың жекелеген мәселелерін белгілейді.

2

Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

1) барлауға;

2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге;

3) жер қойнауын геологиялық зерттеуге;

4) бірлескен барлау мен өндіруге;

5) өндіруге дайындық жұмыстарын көздейтін өндіруге;

6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылады.

3

Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

1) осы тармақшада көрсетілген келісімшарттар бойынша операциялар көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 781-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 13-жолында көрсетілген кең таралған пайдалы қазбаларды, кендік емес пайдалы қатты қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған;

3) осы Кодекстің 755-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылмайды.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.