Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік5-бөлім · 29-тарау

308-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру

Бап мәтіні

1

Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасалған жағдайда, осы Кодекстiң 305-бабының 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған өндiруге дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы жалғастырушы келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылады.

2

Өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру бір мезгілде:

1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын азайту жолымен; және

2) мынадай: өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту; жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда өндiру басталғанға дейiнгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша толық немесе бір бөлігінде жүзеге асырылады.

3

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше жалғастырушы келісімшарт жасасқан жағдайда, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың ауыстырылатын құндық балансының шамасы бөлінеді және тиісті бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай жалғастырушы келісімшарттар бойынша салықтық есепке алуға ауыстырылады. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарттар арасында мұндай бөлу осындай жағдай үшін салықтық есепке алу саясатында қабылданған бөлек салықтық есепке алуды жүргізу әдісі негізінде немесе ол салықтық есепке алу саясатында болмаған кезде жер қойнауын пайдалануға арналған барлық жалғастырушы келісімшарттар бойынша бекітілген запастардың жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жалғастырушы келісімшарт бойынша бекітілген запастар көлемдерінің үлес салмағы бойынша жүргізіледі, оларды салықтық есепке алуға аталған шығыстарды ауыстыру жүргізіледі.

4

Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартқа толық немесе ішінара ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасалған салықтық кезеңде жүзеге асырады.

5

Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың ауыстырылатын құндық балансының мөлшері осы Кодекстің 307-бабында белгіленген тәртіппен ауыстыру күніне айқындалады.

6

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт (жалғастырушы келісімшарттар) бойынша шегерім мақсаттары үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізеді.

7

Жер қойнауын пайдаланушыда өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданылуы тоқтатылатын күні жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасасу құқығын пайдалануы үшін табу болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы шегеруге жатқызу мақсатында осы Кодекстің 312-бабында белгіленген тәртіппен шығыстарды ауыстыруды жүргізеді.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.