300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері
Бап мәтіні
Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылса және қосылған құн салығы бойынша салықтық нысандарды жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағына сәйкес операторға жүктелсе, осы Кодекстің 259-бабының 3-тармағында көзделген қосылған құн салығы оператордың қосылған құн салығы бойынша декларациясының деректері бойынша көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының үлесіне тура келетін мөлшерде шегерімге жатады. Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 314-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.
Менің жазбаларым
Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.
Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.
Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum
Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.