Қолданыстағы редакция: 01.07.2026ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ КодексіРесми мәтін ↗
Ерекше бөлік4-бөлім · 22-тарау

230-бап. Бейрезидент бірлескен қызметті жүзеге асырған кездегі бейрезиденттің тұрақты мекемесі

Бап мәтіні

1

Бейрезиденттің бірлескен қызмет туралы шарт негізінде қызметті жүзеге асыруы осындай қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған жағдайда бейрезиденттің тұрақты мекемесінің құрылуына алып келеді. Мынадай:

1) қызмет тікелей Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған;

2) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайларда қызметті бірлескен қызмет туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру деп танылады.

2

Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды осындай шарттың әрбір қатысушысы осы Кодексте айқындалған тәртіппен дербес жүзеге асырады.

Менің жазбаларым

Жазбаларды тек сіз көресіз. Әзірге олар осы браузерде сақталады.

Ақпарат мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz). Мәтін редакциясы: 01.07.2026.

Бухгалтерге арналған түсініктеме · Buhpracticum

Осы баптың практикалық талдауын — не өзгерді, кімге қатысты және 1С-те не істеу керек — Buhpracticum курстарында қарастырамыз.

Курста толығырақ

Ақпарат көзі: баптардың мәтіндері мына сайттан алынды: «Әділет» ҰЦҚЖ (adilet.zan.kz) — ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 01.07.2026 редакциясы. Buhpracticum сайты ресми жариялау көзі болып табылмайды. Заңды маңызы бар әрекеттер үшін ресми мәтінмен салыстырыңыз.

Бухгалтерге арналған түсініктемелер мен безендіру — © Buhpracticum.